Елде ЖРВИ жұқтырғандар саны 1,3 есе өскен

Елде ЖРВИ жұқтырғандар саны 1,3 есе өскен

Елде жіті респираторлық вирустық инфекцияны былтыр 3 млн 900 мың адам жұқтырған. Бұл 2019-2020 жылдармен салыстырғанда 1,3 есе көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің дерегі бұл. Олардың айтуынша ауруға көбіне балалар мен жасөспірімдер шалдыққан. Ал алдағы эпидемиологиялық маусымға келсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы биыл вирустың үш штамы өзекті болатындығын айтады. Ол A-H1N1 мен А-H3N2 және B. Қазір бұл штамдар тұмауға қарсы вакциналардың құрамына енгізілді.