Ақтөбелік оқушылар шахтерлерге пайдалы жоба жасады

Нұршат пен Әсет Solve for tomorrow  жарысының жеңімпаздары. Олар шахтадағы газдардың мөлшерін анықтайтын жоба жасап шыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ оқышулар бұл идеяның Ақтебедегі қайғылы жағдайдан кейін туындағынан жасырмады.

Нұршат Жұбаныш, Samsung компаниясының solve for tomorrow  конкурсының жеңімпазы:

- Бұл жобаны жасау идеясы Хромтаудағы шахтада болған жарылыстың әсері болды. Шахталардан метан, сутегі деген газдардың бөлінуінен жарылыстар болады. Бұл жарылыстар көптеген адамдардың қаза табуына, денсаулыққа зиян келтіреді және экологиялық проблемаларға әкеледі. Сондықтан осы жобаны ойлап таптық. Яғни жоба ауадағы концентратциясын анықтап, мобильді қосымшада концентрациясын көрсететін болады.

Оқушылардың жобасы денсаулықты сақтап, экологияны қорғауға көмектеседі. Ал Samsung Electronics Central Eurasia мұндай бастамаларға әрдайым қолдау көресеті.

Ин Йонг Ри, Samsung Electronics Корпоративтік Президенті:

- Samsung қазірдің өзінде ақылды заттарды өзінің барлық  өнімдеріне  енгізді.  Бірақ инклюзивті экожүйені құру үшін инфрақұрылымды біріктіріп, оларды ақылды мобильді құрылғыларға қосу қажет. Біздің міндеттеріміз - озық технологияларды пайдаланып, толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беретін ақылды қалаларды құру. Ондағы түрлі құрылғыдар біздің денсаулығымызды бақылауға, сондай-ақ пандемияның алдын алуға көмектеседі.

Сондай-ақ Digital Bridge 2022 Форумы аясында Samsung Electronics пен цифрландыру министрлігі арасында Samsung Innovation Campus білім беру бағдарламасын кеңейту туралы Меморандумға қол қойылды. Ол адами капитал саласындағы ынтымақтастықты дамытып, IT мамандарын даярлауға арналған.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Диас Ковланбаев