Шымкенттік жастар «EcoStudentKZ» челленджін бастады

Жоба арқылы белсенді студенттер ел тұрғындарына үндеу жасап, көрікті орындарды көркейтуге шақырмақ.

Осылайша 8 бірдей жоғары оқу орнының, жүзге жуық студенті Қошқар ата жағалауына жиналды. Қоғамдық орынды, күл-қоқыстан тазартып, қураған жапырақтарды жинады. Белсенділер  қоршаған ортаны таза ұстауды,  әркім өзінен бастауы керек, дейді. Эстафетаның шарты бойынша таңдалған орынды алдымен  суретке және, креативті видеоға түсіріп,  нәтижесі #ЕКОStudentKZ хэштегімен желіге жариялайды. Шымкенттік жастар челленджді Павлодар өңірінің студенттеріне жолдады.

Бекдәулет Тасболат, "EcoStudentKZ"  жобасының ұйымдастырушы: 

- Бұл республикалық жобамыз студенттердің экологиялық санасын, қаламыздың тазалығын сақтауға үлес қосуға бағытталған жоба болып саналады. Аталған жоба Шымкент қаласынан бастау алып, алдағы уақытта Павлодар, Екібастұз, Алматы, Астана сынды қалаларда жалғасатын болады.