Атырауда жұмыссыздар қайта даярлаудан өтіп жатыр

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен «Теңізшевройл» ЖШС арасындағы келісім-шарт бойынша биыл 1000 адамды оқыту жоспарланған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірдің өзінде 350 атыраулық білім алып жатыр. Бұл жоба арқылы екі қолға бір күрек таппай жүргендер «АПЕК» оқу орталығында жаңа мамандыққа машықтанады.

Осы «АПЕК» оқу орталығына 2020-ның қазанайынан 2021-дің ақпан айына дейін оқығанмын, кип монтажник мамандығын. Осы «АПЕК» оқытушылары бізге көп нәрсені үйретті. Теория жағынан, практика жағынан да. Осыдан жақсы білім алдық. Қазір соның арқасында Теңіз кенорнына орналасып, жұмысымды жасап жатырмын.

Теңіз кенорнындағы «Келешек кеңею» жобасының аяқталуына байланысты ондағы мамандар жұмыстан босап қалып жатыр. Бірақ Еңбек министрлігі мен ТШО компаниясы және облыстық әкімдік үшжақты Жол картасын әзірлеген. Енді осыған байланысты жыл сайын 1000 адам қайта даярлаудан өтпек.

Азамат Мәмбетов, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

- Бұл жерде барлығы техникалық мамандықтар, яғни жұмыс берушінің сұранысы бойынша. Бірінші кезекте, дәнекерлеушілер: электро-газо сварщиктер бар, аргон сварщиктер бар, кип мамандықтары бар, құрылыс саласындағы мамандықтар. Яғни алдағы уақытта жобаларға қажетті мамандықтар бойынша біздер даярлаймыз.

Бұл жоба басталған 2019 жылдан бері 1600 адам оқытылған. Оның 70 проценті тұрақты жұмысқа орналасыпты.

Авторлары: Асланбек Шығыр, Амантай Мәтенов