Алматы облысында қар жауды

Алматы облысының «Кеген-Нарынқол» республикалық маңызы бар күре жол аумағында қар жауды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының жол қызметкерлері учаскені тазарту бойынша жедел шаралар қабылдады. Қар тазалау жұмыстарына 3 бірлік арнайы техника мен 5 адам жұмылдырылды. Қозғалысқа шектеу енгізілген жоқ. Жолда қауіпсіздік қамтамасыз етілді.