Қарағандыда жылы аялдама көбейеді

Қарағанды қаласында жылы аялдама жетіспейді. Қақаған аязда ауа температурасы минус 40 градусқа дейін төмендейтін кеншілер шаһарында қазір небәрі 2 жылы павильон бар. Осыған байланысты қала билігі биыл тағы 13 заманауи аялдама салуды жоспарлап отыр. Оның құны қанша, ерекшелігі қандай? 

Бұл Қарағанды орталығындағы аялдаманың бірі. Осыдан 4 жыл бұрын екі павильон жеке инвесторлар есебінен салынған еді. Қазір ішіне тірі жан бас сұқпағанымен,  қыста ине шаншар орын болмайды. Тиімділігін байқаған жауаптылар биыл қысқа дейін бюджет есебінен тағы 13 аялдама салуды жоспарлап отыр. Мұны тұрғындар да құп көреді. 

Блиц:

- Студенттерге жақсы, сосын инвалидтерге де қыстыгүні суық болады, олар далада тұрмайды ғой, негізі дұрыс.

- Қыстыгүні сабақ барады, студенттер бар мысалы үшін, жылытатыны болса, бір кісіні қойып қойса жауапты етіп, жылытып , өшіріп отырса қандай жақсы болар еді. Тамаша.

- Ішінде зарядтайтын орындар, бүкіл жері герметичный, қыста жылы болатындай болса жақсы болар еді.

Қазір адам ең көп жүретін 13 орын таңдалып, құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Павильондардың ұзындығы 10 метр болады.  Онда 25 адам сияды. Жоба үй-күйсіздердің тұрақты мекеніне айналмас үшін жауапты маман тағайындалып, ол таңғы 6-да ашып, түнгі 23:00-де жауып отырады.

Асыл Төлеубаев, қалалық ТҮКШ бөлімі жолаушылар тасымалы секторының меңгерушісі:

- Аялдаманың 5-уі Майқұдықта, қалған 8-і Қарағанды қаласында салынады. Павильонға жауапты адам тағайындалып, олқылықтар анықталса, бірден жойып отырады, тазалығына да жауапты болады. Мүмкіндігі шекетулі жандар да еш кедергісіз кіріп-шыға алатын болады. 

Аялдамалар салынған соң қалалық әкімдік балансына өтеді. Ондағы бейнебақылау камераларын тиісті мамандар немесе полицейлер бақылап отырады. 13 аялдамаға бас-аяғы 162 млн.теңге бюджет қаржысы бөлінген. Мұндай жұмыстар келесі жылы да жалғаспақ.

Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар