Қызыл қоқиқаздар хайуанаттар бағының сәнін аша түсті – Алматы

Қызыл қоқиқаздар хайуанаттар бағының сәнін аша түсті – Алматы

Алматы хайуанаттар бағындағы қызыл қоқиқаздар күздің соңғы жылы күндері келушілердің көз қуанышына айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көлдегі жылы су мен жағалаудағы қызғылт-сары жапырақты ағаштар аумақтың көркін аша түскен. Құстың бұл түрі Алматыға 10 жыл бұрын Кубадан әкелінген. Олар балық, ет, жұмыртқа және көкөністермен қоректенеді. Оған қоса, қауырсындарының қызыл түсін сақтау үшін арнайы дәрумендер беріледі екен. Ол болмаса, қауырсындары ағарып кетеді екен. Алдағы жылдары қоқиқаздар санын көбейту де жоспарда бар. 

Айжан Сыбанбекова, экзотикалық құстар бөлімінің меңгерушісі:

– Қазіргі таңда реконструкция жасалынған жағдайлары жақсы, ыңғайлы, өздеріне қолайлы жағдай жасауға біз тырысамыз әрдайым. Олардың көбеюіне де жағдай жасалынады. Олардың көбеюіне мысалы, біз олардың ұяларын қолмен жасап, басын бастап жасап береміз. Ұнамаған жерлерін өздері жасап жөндейді немесе өздері басқа ұя жасап, көбейіп жатыр қазіргі таңда.