Ақтөбенің тұрақтандыру қорына көкөніс жеткізіліп жатыр

Ақтөбеде тұрақтандыру қорын толтыру үшін 377 млн теңге бөлінген.  Ол ақшаға  2 мың 300 тонна картоп пен 270 тоннаға жуық сәбіз, 64 қырыққабат пен 260 тонна пияз сатып алынады.

Қазір алғашқы партиясы тасымалданып жатыр.  Фьючерстік келісім бойынша жергілікті өнімнен бөлек,  Павлодар мен Жамбыл облысынан да сатып алынады. Мамандардың айтуынша, қорды толтыру арқылы  азық-түлік бағасын тұрақты ұстауға болады.  Өткен жылмен салыстырғанда биыл қор көлемі шамамен 700 тоннаға артық. Бұл өнімдер облыс аумағындағы әлеуметтік дүкендерде сатылады.

Тимур Биманов, басқарушы компанияның бағаны тұрақтандыру бөлімінің басшысы:

- Биыл әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру мақсатында жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлініп 7 мың 224 тонна бірінші сұрып ұны сатып алынды. Ол жергілікті 4 наубайханаға берілді. Сондықтан әлеуметтік нан құны 87 теңгеден аспауы тиіс.