Петропавлда кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінде 24 мәселе қаралды

Оның тең жартысы оң шешімін тауып, оған жол берген 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іскер азаматтардың бизнеске қатысты сұрақтары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде талқыланды. Жиын барысында жергілікті кәсіпкерлер жеке мәселелерін айтып, құзырлы мамандардың жауабын алды. Биыл Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасына 100-ден аса өтініш келіп түскен.  

Дмитрий Малахов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:

- Кәсіпкерлер көбіне белгілі бір ереже, нұсқауларға шағымданады. Оларды өзгертуді, жеңілдетуді немесе күшейтуді сұрайды. Ал біз осы өтініштерді талдап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жағын қарастырамыз.