Өз ісін ашуға 400 АЕК көлеміндегі грантқа 12 мыңнан аса адам ие болды

Оның шамамен 8 мыңы – ауыл тұрғындары. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында осындай қолдау көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік грант алғандардың басым бөлігін жастар. Бағдарламаның игілігін көргендердің 3,5 мыңы – көпбалалы отбасылар. Мүгедектігі бар жандар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырғандар да жобадан қалыс қалмады. Арасында ішкі қоныс аударушылар мен асыраушысынан айырылғандар және қандастар да бар. Грант қажетті құралдар мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға, жануарларды асырап, өсімдіктерді өсіруге, сондай-ақ үй-жайларды жалға алуға да берілді. Өтінімдер Business.enbek.kz порталы арқылы қабылданады.