Алматы облысында туризм саласына арналған конференция өтті

Туризм саласына білікті мамандар даярлаймыз. Алматы облысында осындай тақырыптағы конференция өтті.

Жиынға қатысушылар гид, жүргізуші, қонақүй мен демалыс орыны қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша ойларын ортаға салды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл туризм бизнесіндегі қызмет көрсету сапасын арттыруға көмек болмақ.

Жандос Нұрбеков мамандығы бойынша математик. Бірақ осыдан бірнеше жыл бұрын туризм саласына бет бұрды. Қазір ежелгі сақтардан Орта ғасыр тарихиына дейінгі кезеңгі зерттеп, көшпенділер мәдениетін дәріптеп жүр.   

Жандос Нұрбеков, "Номад" этноорталығының жетекшісі:

- Әр елдің өз бренді бар. Мысалы, Франция десек «Эйфель мұнарасы», Мысыр десек пирамида, Үндістан десек «Тәж Махал» туралы айтамыз. Сол секілді Қазақстанның да өз бренді болуы керек. Ал оған көшпенділер мәдениеті лайық.

Жандос Нұрбеков туристік орталығын ашу үшін ең алдымен жақсы гид болу керек дейді. Оның жобасында тарихи оқиғалар мен ежелгі адамдардың өмір салтын білу өте маңызды. Білікті маман конференция барысында білген-көргенімен бөлісті. 

Мерхат Ахмет, гид:

- Оқудың өте үлкен пайдасы тиді. Неге? Себебі біздің Қазақстанда өте үлкен сертификатталмаған гидтар көп. Бірақ әрқайсының стилі бар. Әрқайсы өзі бөлек – бөлек жүргізе алады. Олар өте жақсы жүргізеді. Бірақ осы, қалай айтсам болады, осы оқуда сол адамдарды белгілі бір руслоға дұрыс жолға түсіруге үлкен көмек тигізді деп ойлаймын. 

Медет Ниязов, облыстық туристік ақпараттық орталық директорының орынбасары:

- Даярлау курстары аясында біз халықаралық дәрежедегі мамандарды шақырған болатынбыз. Әлбетте осы сертификаттар мемлекетаралық және халықаралық өзінің күші бар. Кез келген мемлекетте туристер келген жағдайда өз елімізде қызмет көрсетіп, өз іс тәжірбиелерін көрсете алады. 

Бес күндік конференция қатысушылары біліктілігін арттырып, өзара тәжірбие алмасты. Енді олар қызмет көрсету сапасын арттырып, жиған - тергенін туристік салада қолданбақ. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Назгүл Бошан, Аят Дүйсенбаев