Астанада «Рухты волонтерлер» фотокөрмесі ашылды

Волонтерлерге арнап елордада фотокөрме ашылды.

Онда соңғы үш жылда ерікті жастардың ел басына күн туғанда жасаған жанкешті жұмысы көрсетілген. Пандемия кезінде үйлерді аралап азық тасыса, су алғанда халықпен теңдей жүріп, тізеден су кешті. Қостанайда болған алапат өртте ел-жұртпен қатар өрт сөндірушілерге көмек қолын аямаған олар сол жұмыстардың нәтижесін көрсетті. Үлкен қайырымдылық іске 10 мыңға жуық жас тартылған. Бүгінде елорданың сауда орынының бірінде фотокөрме тегін жұмыс істеп тұр.

Нұржан Жетпісбаев, «Аманат» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы:

- Елімізде болған төтенше жағдайларда көмек көрсеткен, қолғабыс еткен азаматтарға құрмет көрсету мақсатында осындай тәсілді өзіміз таңдап, азаматтарға жеткізіп жатырмыз. Мақсатымыз – еріктілердің бойында жігер, қайрат, намыс бар жастарымызды тарту.