СҚО-да қағаз өндірісі жанданды

Солтүстік Қазақстан облысы алдағы уақытта қағаз импортына тәуелділіктен арылатын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде өнімнің бұл түрін шығаратын жаңа фабрика іске қосылды. Инвестиция құны – 2,5 млрд теңге. Мұнда гигиеналық-санитарлық және кеңсе қағаздары да жасалады. Айта кету қажет, соңғысына биыл елімізде тапшылық болған еді. Енді алдағы уақытта мұндай проблема туындамайды. Өндіріс ошағында макулатура қайта өңделіп, отандық тауардың 20 түрі дайындалады. Тіпті болашақта ол көрші мемелекеттерге экспортталмақ. 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған өндіріс ошағынан мемлекетке жылына 200 млн теңгедей салық түседі.

Дмитрий Шарапаев, кәсіпкер:

- Біз өндіріске Петропавл жылу электр орталығының буын пайдаланамыз. Сондықтан қағаздың бағасы да нарықтағыдан әлде қайда арзан болады. Алғашында солтүстік өңірлерді қамтамасыз етеміз. Кейін Ресей еліне шығуды жоспарлап отырмыз. Ал сәтін салса, болашақта картон өндіріс қолға алмақ оймыз бар.