Алдағы уақытта 10 млн адам баспанаға мұқтаж болуы мүмкін

Алдағы жылдары елде 10 млн адам баспанаға мұқтаж болуы мүмкін.

Қазірдің өзінде 2 млн азамат «Отбасы банкі» арқылы тұрғын үй алуға ниетті. 500 мың адам әкімдіктерде баспана кезегінде тұр. Кейінгі жылдары ауылдан қалаға 5 млн жуық тұрғын қоныс аударған. Сондай-ақ шетелден келіп жатқан қандастарды есепке алсақ, жаңағы айтқан 10 млн адамға баспана қажет болады. Астанада жылжымайтын мүлік нарығы жайында өткен форумдаосы мәселелер айтылды. Осы жиында елде Халықаралық жылжымайтын мүлік қауымдастығының кеңсесі ашылғаны да беліглі болды. Осы ұйым өкілдері, отандық және шетелдік құрылыс компанияларының басшылары мен салаға қатысты мамандар тұрғын үй нарығын дамыту жайында пікір алмасты. 

Әлия Серікпаева, FIABCI CENTRAL ASIA кеңсесінің басшысы:

- Бұл болашақта бізге не береді деген мәселеге тоқталсақ, көптеген шетелдік компаниялар біздің елдегі құрылыс нарығы мен ондағы ахуалды біле бермейді.  Біздің қауымдастық жылжымайтын мүлік нарығының даму бағытына сараптама жасап, әріптестерге жан-жақты қолдау көрсетіп отырады.