Ақтауда көпқабатты үйлердің бірінде жылу есептегіш құралдары ұрланды

Қаладағы 32а шағын ауданындағы №29 үйде жылу болмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындар мәселенің мән-жайын білмекке аулаға жиналды. Сол жерге полиция мен тұрғын үйге қызмет көрсетуші кеңсе қызметкерлерін шақыртқан. Үйдің кіреберістерін қарау кезінде 300-ден астам жылу есептегіш құралдарының болмағаны анықталған. Оның әрқайсысы 43 мың теңгеге сатып алынған екен. Осылайша, 13 млн теңгенің мүлкі қолды болған. Қазір полицейлер тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.