Петропавлда жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтіп жатыр

Петропавл жылу электр орталығындағы апатты түтін мұржасы толығымен бұзылды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Енді жаңасы тұрғызылады. Ал оның құрылысы келер жылы басталады. Биіктігі шамамен 250 метрді құрамақ. Естеріңізде болса, биыл наурыз айында стратегиялық нысанда нөмірі бірінші мұржа опырылып, қала жылусыз және ыстық сусыз қалған еді. Энергетиктер жағдайды реттеп үлгерген. Жаз бойы 10 мердігер компания қайта қалпына келтіру жүмыстарымен айналысты. Қазіргі таңда орталықта бес қазандық жұмыс істеп тұр. Біреуі резервте. Желтоқсан айына дейін тағы бесеуі іске қосылады. Бұл қаланы тұрақты түрде жылумен қамтамасыз етуге жеткілікті.

Әсем Айтолла, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

- Жылыту маусымы бір ай бұрын басталған болатын. Бүгінгі таңда жылумен қала толығымен қамтылған. Бұл –1115 тұрғын үй мен 177 әлеуметтік нысан. Жеке секторға келетін болсақ, бізде бүгінгі таңда 42500 тонна көмір дайындалды. Үйлердегі, әлеуметтік нысандардағы жылу болсын күнделікті монитроинг жүргізіп отырамыз.