Майнинг компанияларына рұқсат беріледі

Елде майнинг компанияларының жұмыс істеуіне рұқсат. Мұндай кәсіпорындар ұлттық электр желісінен қуат ала алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ тапшылық туындаса, компаниялардың жұмысына шектеу бар. Тапшылықтың алдын алу үшін министрлік электр станцияларын салып, ескілерін жаңғыртпақ. Ал майнинг компаниялары қандай жағдайда жұмыс істей алады? Министр талаптарды атады.