Көксудағы үш елді мекенге көгілдір отын келіп тұр – Жетісу облысы

Республика күніне орай Көксудағы үш елді мекен көгілдір отынға қосылады. Қазір бұл ауылдарда газ құбырын тексеріп, сынақтан өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нестай Әбдірахманова келін болып түскелі пеш жағып келеді. 72 жастағы зейнеткер енді сол машақатынан құтылады. Елді мекенге газ құбыры тартылды. Еңбек ардагерінің үйі ең алғашқылардың бірі болып көгілдір отынға қосылды.  

Нестай Әбдрахманова, Мәмбет ауылының тұрғыны:

Судан кейін газ келді. Трубаларын орнатып қойған. Скл Күтіп отырмыз газ келеді деп. Екі үш күнде газ келеді. Газ келсе болды.  СКЛ Мен өзім Қаскелеңге барып келдім. Рахат екен газ.

Табиғи газ Мәмбет ауылына бірер аптада беріледі. Қазір мамандар дайындық жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Ал, Мұқыры тұрғындарының көгілдір отын тұтына бастағанына екі ай болды. Олар көмір тасып, күл шығармайтын болды.

Кәмилә Төлепбергенова, Мұқыры ауылының тұрғыны:

Биыл ризамыз. Үкіметке ризамыз. Газ беріп, мінекей, от жағып, көмір жағып, отын жарып есіміз шығып жатқан. Қазір, міне дайын үйіміз жылы. Бірқалыпты ұстап тұрады.

Мәрлен Көлбаев, Көксу ауданының әкімі:

– Он екі ауылдың газға қосылу жобасы осы жылың соңына шейін дайын болады. Жаңа жылдан кейін газды жүргізу жұмыстары жалғасады. Біздің жоспарымыз бойынша 2024 жылы Көксу ауданын газбен жабдықтаймыз деп жоспарлап отырмыз.

Республика күніне орай Көксу ауданындағы үш елді мекен, ал жыл соңына дейін тағы төртеуі табиғи газға қосылады. Сол кезде аймақтағы ауылдардың 40 проценті көгілдір отынмен қамтылады.

Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев