Алматылықтарды ауаның ластануы алаңдатады

Алматылықтарды ауаның ластануы алаңдатады

Алматылықтарды атмосфераның ластануы алаңдатады.

Қала тұрғындары "уақыт создырмай жылу электр орталықтары мен автокөліктерден шығатын көмірқышқыл газын азайтып, тұрмыс қалдықтарын өңдеуге қатысты тың жобаларды қолға алу керек" дейді. Еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевпен өткен кездесуде бұдан өзге де қоршаған ортаны қорғауға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Министрлік өкілдерінің айтуынша, өкінішке қарай елімізде әзірге қоқыс қалдықтарының 18 проценті ғана өңделеді. Дегенмен, алдағы уақытта бұл көрсеткішті 30 процентке жеткізу жоспарда бар. Сондай-ақ министрмен кездесуде жұртшылық шаһарды көгалдандыру, ескі көліктердің жайы мен  халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру сияқты жайттарды көтерді.

Зұлфұхар  Жолдасов, ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы:

- Жылу станциясы бойынша 2026-шы жылға дейін ГРЭС-гі станция, Алматының ішіндегі газға толық көшетін болады. Реконструкция жасап жатыр. 83 процент фракцияларын азайтуға жоспарымыз бар. Бұл бір. Екіншісі  көлікке байланысты жол картасын әзірледік үкіметпен.