Астанада мектеп көшбасшылары бас қосты

Әр өңірден келген лицей президенттері өз оқу ордасының ерекшелігін атап, даму жоспарларын бөлісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқушылардың айтуынша, бұл жиын лидерлік қасиетті шыңдап, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға көмектеседі. Ұйымдастырушылар елімізде сапалы мектептердің дамуы – озат оқушыларды тәрбиелеп шығудың кепілі.

Айта кетейік, екі күндік форумға еліміздегі 40-қа жуық озық мектеп өкілі қатысуда. 

Мұхамедәли Ибрагимов, халықаралық қоғамдық қордың бірінші вице-президенті:

– Әрбір президент, әрбір көшбасшы бір-біріне презентация дайындап, өздерінің мектептері жайлы жасап жүрген жұмыстары жайлы тәжірибе алмасып, бір-біріне түсіндіреді. Өйткені бір мектептегі бар керемет дүниені басқа бір мектепте орындау үшін өздеріне пайдалы дүние. Тек қана білім саласында емес, кәсіпкерлік жағынан, кино жағынан біздің танымал тұлғалармен кездестіріп, өздерінің көшбасшылық қасиеттерін ұштау үшін, тәжірибелерін нығайту үшін осындай кісілермен де кездестіріп отырамыз.

Әбілмансұр Мекентай, лицей президенті /Қарағанды қ./

Ең біріншіден, жаһандану заманында әр жердің өз көшбасшысы болу керек. Оқушылар өз лицейінің ерекшеліктері және жыл бойы қойған жоспарлары жайлы айтады. Мысалға, біздің лицей кітап оқу уақытымен ерекшеленеді. Бізде күніне кешкісін әр сынып жиналып, 30 минут бойы кітап оқиды.