10 акционерлік қоғам мен серіктестік мемлекетке қайтарылды

Мемлекет мүддесіне 8 миллионнан астам мүлік тәркіленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл соңғы екі жылда атқарылған шара. Нәтижесінде жылжымайтын мүлік, көлік пен электрондық техника және мұнай өнімдері қайтарылды. Оның жалпы құны шамамен 6 миллиард теңге. Бұл туралы Қаржы министрінің орынбасары Дәурен Темірбеков, Алматы қаласы тұрғындарына есеп беру жиынында айтты. Тәркіленген мүлік мемлекет меншігіне қылмыстық істер бойынша сот актілерін негізге ала отырып қайтарылған.  Оның қатарында  заңсыз иеленген активтер бар. Дәурен Темірбековтің айтуынша, кейбір мүліктерді мемлекет еншісінде қалдырған дұрыс.  Ал мемлекет пайдасына жарату орынсыз деп шешілген жағдайда сатылады немесе мүлдем жойылады.

Дәурен Темірбеков, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:

- Оның аты шулы деген  бірқатарын атап өтейін. Мәселен   Qazaq Banki мен Olimp букмекерлік кеңсесінің де мүлкі тәркіленді. Нақты не қайтарылады деген сауалға да жауап берер болсам, ондаған акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік қайтарылды. Сондай-ақ жылжымайтын мүлік пен қолма-қол ақша алынды.  Еске ала кетейін, комиссия осындай заңды белшесінен басып, үстемдік құрған  кәсіпорындарды анықтаумен айналысады.