Риддерден төтенше жағдай режимі осы кезге дейін алынған жоқ

Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласында әлі  төтенше жағдай режимі ​алынған жоқ.

Естеріңізде болса, 6 қарашадан бастап шағын шаҺардағы жылу қазандығы тоқтап, ахуал қиындаған болатын. Қазір мұндағы жылу станциясында 4 қазандық жұмыс істеп тұр, олардың біреуі жоғары қысымды. Бүгінгі күні №4 қазандықты іске қосу шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ең күрделі жағдайда тұрған №5 қазандықты жөндеу жалғасуда. Бұл 5 желтоқсанда аяқталуы тиіс. Қазір жылуды жеткізу темперетаурасы 70-50 градус аралығында.