«Ортеке» биі ЮНЕСКО тізіміне енді

Ортеке биі Юнеско тізіміне енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онымен қоса «Қожанасырдың әзіл әңгімелері» де осы тізімде. Марокко астанасында ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитетінің17-ші сессиясында осындай шешім қабылданды. Комитет 46 номинацияны қарастырып, 20-сын таңдаған. Бұған дейін  де тізімге 11 элемент енгізілген. Оның төртеуі қазақ мәдени мұрасына қатысты. Атап айтқанда, «Домбыра күй өнері», «Қазақ күресі», «Асық ату ойыны» мен «Қазақ жылқы өсірушілерінің көктемгі мерекелік салт-дәстүрлері». Ал қалған жетеуі бірқатар елдердің ортақ мәдени мұрасына жатады.