Мұхтар Әблязов 218 млн доллар өтеуге міндеттелді

АҚШ-та Мұхтар Әблязовтың ісі бойынша сот аяқталды.

Шешім БТА Банктің пайдасына шешілді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. Әблязов 218 миллион доллардан астам шығынды өтеуге міндеттелген. Естеріңізге сала кетейік, Нью-Йорктегі сот талқылауы бұдан жеті жыл бұрын басталған. Бұл істе Әблязов пен оның серіктері ақшаны жымқырды деп айыпталды. Банк мәліметтері бойынша олигархтың жалған компаниясы шамамен 70 миллион долларды заңсыз иемденген. Нәтижесінде адамдар миллиондаған доллар жинақтарын жоғалтты. Әблязовтың өзі және Алматының бұрынғы мэрі Виктор Храпунов сот шешімдеріне көнбей, дәлелдерді жойып, қажетті ақпаратты беруден бас тартқан.