Семейде балалар арасында тұмауды жұқтырғандар азаймай тұр

Семейде балалар арасында жедел респираторлық вирус пен тұмауды жұқтырғандар көбейді.

Жыл басынан бері қаладағы стационарға алты мыңға жуық адам қаралған. Дәрігерлердің сөзінше, ауруханаға келетіндердің 80% 5 жасқа дейінгі балалар.

Айта кетейік, бұған дейін семейлік балғындар инфекциялық аурухананың санитарлық талапқа сай келмейтін ескі ғимаратында ем алып келген болатын. Бүгін балалар бөлімі жаңа ғимаратқа көшті.

Думанбек Дауылбеков, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры:

- 100 төсектік балалар бөлімшесі жаңа нысанға келіп жатырмыз. Ғимараттың іші үлкен. Балалардың емделуіне барлық жағдай жасалған. Халықаралық стандартқа сай келетін жабдықтар қойылған.