Қостанайда жаңа жыл тойлауға 33 млн теңге бөлінді

Қостанай қалалық әкімдігі жаңа жылдық безендіруге 33 млн теңге жұмсамақшы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақшаның бір бөлігі облыс орталығын қызылды-жасылды шамдармен әсемдеуге, мұздан мүсін жасап, шыршалар орнатуға бөлінеді. Қазір шаһардың үш ауданында шырша қойылды. Сонымен қатар қалалық жағажай аумағында да мұз айдыны құйылып, жылыту орындары пайда болады.

Станислав Лобанский, Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

- Мұз фигураларын қою жұмыстары басталып кетті. Бұл мақсатқа 17 млн теңге бөлінген. Қазір ұзындығы 19 метр, биіктігі 5 метр болатын сырғанақ салынды. Мердігерлердің күшімен сырғанақтар қаланың әр бөлігінде тұрғызылады.