Сот отырыстарының 31% ғана мемлекеттік тілде жүргізіледі

Елдегі сот отырыстарының 31 проценті ғана мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Қазақ тіліндегі заңдар мен нормативтік құқықтық актілерде қате көп, - дейді мамандар. Бүгін елордада өткен ғылыми-практикалық конференцияда осы мәселе талқыланды. Жиынға қатысушылар мемлекеттік тілді салаға терең бейімдеу туралы ұсыныстарын айтты. Мәселен, заң университетінің өкілдері терминологиялық сөздік дайындап жатыр. Осы арқылы қазақ және орыс тілдерін бірыңғай формаға келтіруге болады, дейді ғалымдар.

Марат Ахмади, заң университетінің өкілі:

- Құқық қолданысында қазақ тіліне байланысты көптеген түйткілдер бар. Бұлардың ең басында заңдардың ішіндегі ақаулар. Негізінде нормативтік құқықтық актілер туралы заңға сәйкес, қазақ және орысша тексттер тең түпнұсқада болуы керек. Бірақ қазақ тілін қарасаңыз сәйкессіздіктер бар.

Сондай-ақ...