Қ. Боранбаевтың ісін тергеу аяқталды

Елдегі ірі мұнай-газ компанияларының бұрынғы басшылары Қайрат Боранбаев, Роман Наханов және Таир Жанұзаққа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.

Күдіктілерге шикізатты ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру сынды айыптар тағылған.  Бас прокуратура істі соттың қарауына жіберді. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметі бойынша, Ұлттық компанияға келтірілген залал толық өтелді. Сонымен қатар, Қайрат Боранбаев пен оның серіктестеріне қатысты газ экспорты кезінде жасалған қылмыстарын тергеу жалғасуда.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:

- Аяқталған іс шеңберінде азаматтық талап қою және мүлікті тәркілеу бөлігінде үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында айыпталушылардың 38 млрд теңге сомасындағы ақшалай қаражатына, 15 жылжымайтын мүлік объектісіне, 3 автокөлік құралына тыйым салынды.