Келер жылы елде коммуналдық тарифтер өседі

Келер жылы коммуналдық тарифтер өседі. Әсіресе, жылу және электрмен қамтамасыз ету қызметінің құны жоғарылайды.

Бұл жоспар 2023 жылдың екінші жартысында жүзеге асады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров хабарлады. Бірқатар өңірде инженерлік желілердің әбден тозуы Үкіметті осындай қадамға баруға мәжбүрлеп отыр. Алдын ала есеп бойынша, тозығы жетқен құбырлар мен желілерді ауыстыру үшін шамамен 200 млрд теңге қажет.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Екібастұзда субьекті 2,5 есе тарифтерді көтеру ұсынысты берді. Әрине ол мүмкін емес. Бірақ жалпы сол көтеруді біз талқылаймыз. Көреміз.