Жаһанда болып жатқан энергетикалық дағдарысты Қазақстан ұтымды пайдалануы керек – Санжар Жаркешов

Өйткені жер қойнауындағы табиғи газ қоры және еліміздің географиялық орналасуы транзиттік әлеуетімізді арттыруға үлкен серпін бере алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«ҚазақГаз» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Санжар Жаркешов осылай дейді. Оның айтуынша, елде газды пайдалануда ысырапшылдық байқалады. Осыған байланысты, көгілдір отынды мейлінше үнемдеу қажет. Оның үстіне ішкі нарықта газ өзіндік құнынан төмен бағамен сатылып жатыр. Табиғи және сұйытылған газды лайықты құнымен сатқанда ғана,  қуат көзі тапшылығының алдын алуға болады, дейді Санжар Жаркешов

Санжар Жаркешов, «Qazaqgaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

- Жер үйге барсаң, үйдің іші қайнап тұрады. Температура өте жоғары. Газды ысырапшылдықпен пайдаланады. Температураны азайту үшін газды азайтудың орнына терезені ашады. Осындай масылдық психологиядан біз бас тартып, тиімді қолдануға көшуіміз керек.