Ұлытау облысына қардың 10 күндік нормасы жауды

Ұлытау даласында екі күнге созылған ақтүтек боран бүгін ғана басылды.

Осы аралықта қардың 10 күндік нормасы түскен. Қазір өңірдегі қалалар мен аудандарда, көлік жолдарын қардан тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Меншікті тілшіміз Елдос Кәкенов бізбен тікелей байланыста. Елдос, қазіргі ахуал қалай? Жолда қалғандар туралы, ақпарат бар ма?