Бас прокуратура: «Дикий Арман» ҰҚК кураторының бағыттауымен әрекет етті

«Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиев Ұлттық Қауіпсіздік комитеті кураторының бағыттауымен әрекет еткен. Бұл туралы еліміздің Бас прокуроры журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

Берік Асыловтың айтуынша, Қаңтар оқиғасы кезінде «Дикий Арманның» рөлі айырықша болған. Яғни ол жаппай тәртіпсіздік білдіргендерді бақылауына алып, билікке талап қою үшін әрекеттенген. Тергеу мәліметтеріне сәйкес Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты, сол шаһардағы «Қазақстан» қонақүйіне келген қарақшыларды қару-жарақпен қамтамасыз етіп, қылмыстық топқа белсенді түрде көмектескен деп айыпталуда.

Берік Асылов, ҚР Бас прокуроры:

- Қаңтар оқиғасында бірнеше қылмыстық топ ұйымдасқан. Өз қатарына адам жинап, оларды қару-жарақпен қамтамасыз еткен. Бұл істе Арман Жұмагелдиевтің рөлі ерекше болды. Алайда қылмыстық топ «Жаппай наразылық білдіру ойын» іске асыра алмады.