СҚО-да алаяқтық жасаған кәсіпкер сотталды

Солтүстік Қазақстан облысында халықтың жерін кепілге қойып, сатып жібермек болған кәсіпкер сотталды.

Бейбіт Молдашев Айыртау ауданына қарасты Дәуқара, Қарақамыс, Бірлестік, Егінді-ағаш пен Светлое сияқты бірнеше ауылдың 800-ге жуық тұрғынына тиесілі 42 мың гектар жерді аграрлық несие корпорациясына ешкімнің рұқсатынсыз кепілге қойып жіберген. Ол үшін тіпті ортақ жиналыстың жалған хаттамасын жасаған. Осылайша оның аграрлық несие корпорациясынан алған 600 млн теңгені қалтасына басқаны әшкере болды. 2017 жылы басталған жер дауына нүкте қойылды. Соттың үкімімен кәсіпкер 6 жыл 8 айға сотталды.

Михаил Гусьев, қалалық соттың төрағасы:

- Бейбіт Молдашев жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Мұнымен қоса ол 10 жылға дейін басқарушылық және материалдық жауапкершілігі бар қызмет атқара алмайды. Сондай-ақ қаржылық және коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан айрылды. Сот үкімі шықты, бірақ әлі заңды түрде күшіне енген жоқ. Яғни сотталушы тарап аппеляциялқ сотқа шағымдана алады.