Еліміздің бірқатар өңірінде сарышұнақ аяз болады

Еліміздің бірқатар өңірінде ақтүтек боранның cоңы аязға ұласады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазгидромет сайтында халыққа ескерту жарияланды. Қаңтардың 6-8 аралығында Солтүстік, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарында жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жететін жел тұрса, Маңғыстау,  Атырау, Ақтөбе, Қостанай аймақтарында ауа температурасы минус 25-28 градусқа дейін күрт төмендейді.