Қарағанды өңірінің жастары жаппай қар тазалауға шықты

Коммуналдық қызмет ақ ұлпаны аршып үлгермей жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек соңғы үш күннің ішінде  қардың бір айлық мөлшері жауып, халықтың жүріп-тұруы қиындады.  Ал жеке үйлерге жедел-жәрдем мен газ таситын көліктер өте алмай қалған. Осыған орай өтініш айтып, көмек сұраған қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға волонтерлер шама жеткенше қол ұшын созып жатыр. Қазір облыста 3 мыңнан астам волонтер бар. Қарағанды жастарының бастамасын Шахтинск пен Теміртаудың қыз-жігіттері де қолдаған. Сондай-ақ игі шараға қала тұрғындары мен әскери бөлімнің сарбаздары да атсалысуда.  Тек Қарағанды қаласында соңғы тәулікте 13 мың текше метрден астам қар шығарылған.  

Надежда Орлова, Теміртау қаласының тұрғыны:

- Биыл қар өте қалың түсті. Өзім тазалайын деп далаға шығып едім, шаршап қалдым. Тынығып, шай ішуге үйге кіріп кетіп едім, енді қарасам, жастар маңайдың барлығын айнадай жарқыратып қойыпты. Көп рақмет, өзімнің қолымнан бұл келмес еді.