Мақсат Қожабаев жемқорлық бойынша күдікке ілінді

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, ол жемқорлықпен айналысты деген күдікке ілінген. Қазір жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.