Шымкентте екі ай бойы жансақтау бөлімінде жатқан әйел босанды

Шымкентте екі ай бойы жансақтау бөлімінде ауыр хәлде жатқан жүкті әйел аман-есен босанды.

№1 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері жас ананың палатаға шығарылғанын мәлімдеді.  Жүктіліктің 26-апталығында, шала туған шақалақ перинаталдық орталыққа жатқызылды. Нәрестенің салмағы небәрі 685 грамм.  Еске сала кетейік, 1992 жылғы әйел былтыр қараша айында  ауруханаға түскен еді. Соқырішекке жасалған операциядан кейін, созылмалы аурулары асқынып, жағдайы нашарлаған. Әйелді аман алып қалу үшін, Астана мен Алматы қаласының профессор-дәрігерлері де ат салысты. Бірнеше рет телемедициналық кеңес өткізілді. Қазір дәрігерлер оны ауруханадан шығаруға дайындап жатыр. 

Талғат Шәуенов, №1 қалалық клиникалық ауруханасының хирургиялық қызмет жетекшісі: 

- Жүктіліктің именно осы «Системная красная волчанкамен» осындай асқынуменен біз бірінші рет кездесіп отырмыз. Негізінен жүктілік бұл кісілерге рұқсат етілмейді. Сондықтан бұл асқынуларды неше күндік еңбегіміздің арқасында сол қиын жағдайдан шығарып алдық.