Еліміздің оңтүстік аймақтарында аяз күшейді. LIVE

Еліміздің оңтүстік аймақтарында да қалың қар жауып, аяз күшейген.

Мәселен, Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды. Синоптиктер алдағы күндері сынап бағанасы минус 33 градусқа дейін төмендейтінін айтып отыр. Жамбыл облысында соңғы екі аптада табиғаттың тосын мінезі бірнеше рет байқалды. Әдетте қысы жайлы өтетін өңірде қазір жағдай қалай?

Мерей Бает, тілші:

- Расымен Жамбылда бір апта бұрын боран болып, қос моноқаланы жарық пен жылусыз қалдырған еді. Енді артынша қалың қар жауып, аяз күшейіп келеді. Соңғы үш күннен бері жауған қардың қалыңдығы 20 сантиметрден асып кетті. Ақ ұлпаның тоқтаусыз түсуі шаһардағы көлік ағыны мен қоғамдық көліктердің қатынауын қиындатқан. Коммуналдық қызмет өкілдері көшелерді тазартқанымен, жауған қар жолдарды қайта жауып біраз әбігерге салған болатын. Тараз халқы да мұндай ауа райын күтпеген болу керек.

Әкімдіктің мәліметінше, қар тазалау жұмыстарына 47 техника мен 160 қызметкер жұмылдырылды. Олар қазіргі таңда 450 куб қар шығарды деп мәлімет берді. Жол тазалау жұмыстары жалғасуда. Үскірік аяз салдарынан күні кеше дайындық сыныптары мен 1-4 сынып оқушылары онлайн оқуға көшкен еді. Енді 8- сыныпқа дейінгі балалар да үйден оқытылатын болды.  Оландың онлайнда әлі қанша дәріс алатына белгісіз. Себебі төтенше жағдай департаменті, аймақта аяз бір апта бойы сақталады деп отыр.  Облыстың өңтүстігі мен таулы аудандарда тұман түсіп, солтүстік шығыстан секундтына 15-20 метр болатын жел соғады. Сынап бағанасы минус 33 градусқа дейін қатты аяз күтілуде.