Шымкенттен шығаберісте көлік кептелісі туындады

Шымкентте қаладан шыға беріс көшеде, жүк көліктері мен автобустар асфальтке тайғанақтап, кептеліп тұр.

Авариялық құтқару қызметіне 13 жүргізуші жүгінген. Олар мұз құрсауындағы жолда, сағаттап қаңтарылған. Салдарынан ұзынсонар көлік кептелісі тіркелді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше Шымкенттен - Ташкент трассасына шығу, ауыр көлік құралдары үшін қиын. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазір  аумаққа өрт сөндіру көліктері кезекшілікке қойылған.