Былтыр СҚО-ға 65 қазақ отбасы көшіп келді

Қандастарымыз әр аудан бойынша қалаған ауылдарына жайғастырылды. Оларға мемлекет тарапынан үй беріліп, басқа да әлеуметтік көмек көрсетілді.

Ата жұртын аңсап келген қандастың бірі – Естай Ерболсын. Ол Қытайдан ең алдымен Алматыға, кейін «Еңбек» бағдарламасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келді. Қазір отбасымен Николаевка ауылында тұрады. Мемлекеттен грант алып, азын-аулақ мал ұстайды.

Естай Ерболсын, Николаевка ауылының тұрғыны:

- Ірі қарадан бір 15 бар жалпы. Қойдан бір 60-70 тұяқ. 4-5 жылқы бар. Біртіндеп енді өседі ғой мал деген.

Ал Нәжіб Қазақ 2021 – інші жылдың қыркүйегінде сонау Ираннан көшіп келді. Отбасы жаңа үйде тұрады. Әйелі қазір бала күтімімен үйде отыр. Ал өзі мал шаруашылығымен айналысқысы келеді.  

Нәжіб Қазақ, Николаевка ауылының тұрғыны:

- Сол сүт зауытын ашқымыз келеді. Бірінші қора заттарын реттеп, сосын заттан манағындай сүтті сиырларды сатып алып. Ол сүтті сиырларды сол жерде туғызып, ұрғашы таналарын сақтап қалып, еркектерін енді етке кетеді ғой олар.

2017 – інші жылдан бері Есіл ауданына шетелдерден 66 қазақ отбасы көшіп келді. Оларға мемлекет тарапынан азаматтық, көтерме ақы және үй берілді. Сонымен қатар бизнес бастауға гранттар үлестірілді.  

Қасым Сейітбенбетов, Есіл ауданының жұмыспен қамту орталығы директорының м.а:

- Олардың басым бөліктері осы біздің Николаевка ауылдары, Бірлік, Петровка және Явленка ауылдарына қоныстандырылды. Келген кісілер біздің Қытай, Өзбекстан Республикасынан, Иран Республикасы және Моңғолия Респбликаларынан келіп жатыр.

Енді тұрғындар «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы бойынша қабылданады. Биыл теріскейге 140-қа жуық адам көшіп келеді деп жоспарланып отыр.