«Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға 52 млрд теңге бөлінді

Биыл «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға 52 млрд теңге бөлінді. Бұл - ауыл тұрғындарының табысын арттыруға тікелей бағытталған.

Алдағы 7 жылда тағы 1 трлн теңге бөлу жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығында 350 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Аманат партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Ақтөбе облысының шаруаларымен кездесу кезінде айтты. Жиын барысында бірегей жобаның жаңа кезеңін талқылап, өңірде «Қаржылық сауаттылықты арттыру» жаңа партиялық жобасын іске қосты.

Айта кету керек, енді «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алудың ыңғайлы әрі жылдам болуына ерекше назар аударылады. Егер бұрын несиені мақұлдау үш аптаға созылса, қазір ол ең көп дегенде үш сағатта шешіледі.

Ерлан Қошанов – «AMANAT» партиясының төрағасы:

- Ауылға деген көзқарасты түпкілікті өзгертетін уақыт келді. Сондықтан мемлекет басшысы өзінің сайлауалды бағдарламасында ауыл мәселесін бірінші кезекке қойып отыр. Бүгін басталғалы отырған «Ауыл аманаты» жобасы да осының дәлелі. Бұл ауыл халқының тұмысын жақсартуға табысын арттыруға барлық әлеуметтік мәселелерді шұғыл шешуге бағытталған нақты жоба. Бір сөзбен айтқанда мемлекет бүгінде ауылға түпкілікті бетбұрыс жасап жатыр.