Алматыда жасыл желекті күтіп баптау ережесі өзгерді

Алматы қаласының мәслихаты жасыл желекті күтіп баптауға қатысты жаңа ережені бекітті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді осы талап бойынша ағаш кесуге рұқсат алған жағдайда 1 түптің орнына 10-ы егіледі.  Бұған дейін 5 ағашпен шектелген еді. Ал заңсыз кескендер 50-ін отырғызуға міндетті. Ал Қызыл кітапқа енген көпжылдық жасыл желек жойылса, 100 есе көп көшет отырғызуы тиіс. Бұған қоса өтемақы ретінде егілетін ағаштың биіктігі кемінде 3 метр – жапырақты және қылқан жапырақты болуы шарт. Оны егіп қана қоймай, 3 жыл бойы тиісті күтім жасайды. Тал, терек сол кесілген орыннан 1 шақырымнан аспайтын қашықтықта отырғызылуы қажет.