Шымкенттегі ЖЭО қазандықтарды мазутпен қыздыруға көшті

Себебі газ таратушы мекеме көгілдір отын тұтыну көлемін азайту туралы өтінім хат жолдаған. Бұған еліміздегі табиғи газ тапшылығы себеп.

Сондықтан шаһарды жылумен қамтамасыз ететін мекеме көгілдір отын тұтынуды 20% дейін төмендеткен. Бұған дейін сағатына 57 мың текше метр газ алып отырса, енді 39 мыңға дейін кемітуге мәжбүр. Соның салдарынан қаланы жылытуға резервтік мазут қоры жаратылып жатыр. Бұл жылу орталығын қосымша шығынға батырып отыр. Алайда мамандар жылу беру кестеге сай жүріп жатқынын айтады. Сондай-ақ тариф бағасына да еш әсер етпейді деп сендіріп отыр. 

Қайрош Оңғарбаев, «3-Энергоорталық» АҚ бас директоры:

- Сол 10 күндік запастан бүгінгі күнге дейін жаққанымыз 1077 тонна мазутты жақтық. Қазіргі кезде біз убыток алып отырмыз мазут жаққалы бері 320 миллион теңгеге. Осы мәселе бойынша әкімдікке шыққан болатынбыз. Әкімшілік мазут мәселесін шешіп беруге көмектесеміз деп отыр. Министрлікке хат жазамыз деп отыр.