loader


Қостанай облысында қазына қаражаты жымқырылды

Қостанай облысында бөгет салу кезінде жымқырылған қаражатқа қатысты сот тергеуі өтті.

Жанкелдин аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бұрынғы басшысы, сараптамалық фирманың өкілі және құрылыс жұмыстарын жүргізген серіктестік директоры 81 млн теңгені қолды қылған. Прокурор 3 тұлғаға қатысты 25 беттен тұратын айып актісін оқыды. Сапасыз құрылысты қабылдап алған алғашқы екеуі мемлекеттік айыптаушының тек кейбір дәлелдемелерімен келісті. Ал мердігер кінәсін толық мойындады. Бөгет Шилі ауылында 2020 жылы тұрғызылды. Сол кезде оның құрылысына 200 миллион теңге бөлінген. Араға жыл өтіп гидротехникалық нысан көктемгі су тасқынына төтеп бере алмай, әр жерінен тесілді. Жөндеу барысында бюджет қаржысы талан-таражға салынғаны анықталды.  

Диас Нұрғалиев, облыстық прокуратураның аға прокуроры:

- Жанкелдин аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Әміров Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлімі 2-тармағына сәйкес, яғни сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемдену бойынша қылмыстық заң бұзушылық жасады. Ол ұйымдасқан топпен қызметін асыра пайдаланып ірі көлемде қазына қаржысын талан-таражқа түсірді. 

Сондай-ақ...