Елде бензин экспортына салынған тыйым жарты жылға ұзартылды

Елде бензин мен дизель отыны экспортына салынған тыйым тағы жарты жылға ұзартылды.

Тиісті бұйрыққа Энергетика, Қаржы, ішкі істер министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қол қойды. Құжатта «Қазақстан Республикасы аумағынан автомобиль көлігімен бензинді, дизельдік отынды және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін шығаруға алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - делінген. Толық мәтінмен нормативтік құқықтық актілер бойынша ресми порталдан танысуға болады.