Атырауда «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтініш қабылдау басталды

Атыраулықтар биыл да көгалдандыру, жарықтандыру, ойын алаңдарын салу секілді 7 бағыт бойынша өз жобаларын ұсына алады.

Ол үшін өздеріне қажетті нысанның жобасын әзірлеп, арнайы порталға тіркеуі тиіс. Кейін өтініш сараптамалық кеңесте қаралып, мақұлданған жобаға электронды портал арқылы мердігер таңдалады. Биылғы қаржы көлемі де артқан. Былтыр 10 айлық есептік көрсеткіш болса, биыл 15-ке өсті. Былтыр қолдау тапқан 7 жоба осы жылы іске асады деп жоспарланып отыр. Нақтырақ айтқанда, 2 спорттық-жаттығу алаңы, сондай-ақ 3 футбол және балаларға арналған 2 ойын алаңы салынуы керек. Бұл жұмыстар үшін бюджеттен 142 млн теңге қарастырылған.

Рамиль Халауетдинов, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі: 

- Әрбір тұрғын, жеке тұлға мекен-жайына байланысты салғысы келсе, мысалы ойын алаңын салғысы келсе шығындарын есептейтін смета дейді ғой, сметасын порталға салу арқылы және дейінгі/кейінгі фотоларын салу арқылы жүзеге асырылады. Атырау.гов. порталында жүзеге асырылады. Кейін тұрғындар дауыс береді. 10 дауыстан асса, келесі жылы іске асырылады.