Елде жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жетілдіріледі

Елде жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жетілдіру жоспарда бар. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев осылай деп мәлімдеді.

Алдағы уақытта ведомство осы мәселеге қатысты ұсыныстарды қабылдауға дайын. Қарабаевтың пікірінше, қолданыстағы цифрлық платформаның арқасында жүйенің ашықтығы қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, биыл автонесие алуға өтініш беріп үлгерген қазақстандықтардың есімдері жариялануы мүмкін. Өнеркәсіпті дамыту қорының өкілдері бұл азаматтармен келіссөз жүргізбек.

Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Автонесиенің орташа сомасы 10 млн теңгені құрайды. Бұл бағдарламаға 7,6 млрд теңге бөлінді. Аталмыш қаражат 760 көлік сатып алуға жеткілікті. Платформа ашық, оның жұмысына ешкім ықпал ете алмайды. Қазір автосалондарда 30 мың адам кезекте тұр. Біз оларға үйден шықпай-ақ рәсімделуге мүмкіндік бердік.