Ақтөбеде апатты деп танылған 5 үйдің тұрғындарына жаңа баспана тұрғызылады

Ақтөбеде апатты деп танылған 5 үйдің тұрғындары үшін биыл жаңа баспана тұрғызылатын болды.

Қазір бұл мәселені шешуге атсалысып жатқан инвестор көп пәтерлі үйдің құрылысын бастады. Нысан қала маңындағы Қызылжар елді мекенінде салынып жатыр. Бұдан бөлек, тағы бір әбден ескірген  үйдің мәселесін шешуге жергілікті компанияның басшылығы келісім берді. Барлық талаптан өткен соң, жер телімі қарастырылып жаңа үй салынады. Сөйтіп, биыл 30 апатты үйдің 7-еуі өз шешімін таппақ. Қалған үйлер де назардан тыс қалмайды. Бюджет немесе инвесторлардың көмегімен жаңа баспана салынатын болады.      

Руслан Ажниязов, қалалық тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

- Сол 24 үй бойынша біздер құрылыс бөлімі  жоба әзірлеп жатыр. 5 подъезді 9 қабатты үй салуға 360 пәтерге. Сол үйлерді салып болған соң, толық апатты үйлердің сұрақтары жабылады.