Қостанай облысында жолдарды су басу қаупі бар

Қостанай облысында республикалық маңыздағы автожолдардың қырық шақты учаскесін тасқын су басу қаупі бар.

Әсіресе Сарыкөл, Қарасу аудандары арқылы өтетін трасса ерекше бақылауда. Өйткені дәл осы бағыттарда апатты жағдайлар болып жатады. «Облыста су тасқыны 25-ші наурыз бен 8-ші сәуір аралығында болуы мүмкін», - дейді мамандар. Осы күндері құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінен құрылған топ тәулік бойына кезекшілік жүргізеді. Қазір жолға жауаптылар су өткізгіш құбырлар мен жыраларды қардан тазартып жатыр. Әрі инертті материалдарды дайындауға кіріскен.  Құм толтыратын 20 мың қапшық сатып алынған.

Андрей Горват, «ҚазАвтоЖол» ҰК" АҚ  ҚОФ директоры:

- Соңғы 10 жылдың ішінде жолдарды су басуы араға жыл салып қайталанып отырды. Былтыр болған жоқ, сондықтан биыл барынша қамданып жатырмыз. Құр су өткізгіш құбырларды тазартып қоймай, 150-300 метрге дейін  ұзартып қазып, су ағар арнасын кеңейтіп жатырмыз. Бұл мол судың құбыр арқылы жеңід өтуіне жақсы.