Алматыда Қорғаныс министрі ардагерлермен кездесті

Кездесу Құрлық әскерлерінің әскери институтында өтті. Аталмыш шараға ҰҚК Шекара қызметі мен Ұлттық ұланның ардагерлер өкілдері қатысты.

Кездесу барысында министр Қарулы күштер әскери қызметшілері мен азаматтық персоналдың ақшалай үлесін төлеудегі өзгерістер жайлы айтты. Сонымен қатар келесі жылдан бастап қатардағы жауынгерлер мен сержанттық құрамдар лауазымдарының тарифтік санаттарын және әскери атағы бойынша әскери қызметшілердің жалақыларын 30%-ға арттыру жоспарланғанын және әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқанын алға тартты. Сондай-ақ министр әскери-патриоттық акциялар мен іс-шараларға қатысып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуғу үлес қосқан ардагерлерге алғысын білдірді. Ал шараға қатысушылар азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, Отан қорғаушы мәртебесін көтеру, әскери қызметшілер мен әскери зейнеткерлерді әлеуметтік қорғауды жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстарын білдірді.

Мұхтар Алтынбаев, «ҚР Қарулы Күштердің ардагерлері» РҚБ төрағасы:

- Ардагерлердің тәжірибесі мол. Солардың арқасын 30 жыл ішінде Қарулы күштер құрылды. Оған дейін Қарулы күштерді құруда тәжірибе болған . Қазақстанның тәуелсіздігі, тұтастығы және президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алға қойған міндеттері толығымен орындалу үшін Қорғаныс министрлігі, Қорғаныс министрлінің басшылығымен бірлесе жұмыс жасаймыз.